Біртұтас тәрбие бағдарламасы » Райымбек батырСредняя школа имени
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Райымбек батырСредняя школа имени "
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Біртұтас тәрбие бағдарламасы
28
ноябрь
2023

Біртұтас тәрбие бағдарламасы

«АСЫҚ АТУ» челленджі
    Ұлттық ойындар – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, қиялы мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, денсаулық кепілі, өмір тынысы.
         Асық ойыны баланың жүйке-жүйесін қалыптастырады, ой-өрісін және көкжиегін кеңейтеді, мінезін төзімділікке, қозғалысын дәлдікке ептейді, көздің көру қабілетін арттырады. Асықты нысанаға алғанда қан тамырларының жұмысы жақсарады, ал қолға ұстап иіргенде, саусақ пен алақандағы жүйке нүктелері үйкеліске түсіп, ми тынығады. Ойын арнайы орынды талғамайды, домішінде, ашық алаңдарда, мектеп, балабақша аулаларында өткізуге болады.
        Мақсаты: білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, ұлттық ойындарды насихаттау.
Міндеттері:
-қазақ халқының ұлттық ойындарын жаңғырту және насихаттау;
-қазақ халқының ұлттық құндылықтарын қастерлеу;
-оқушыларды асық ойынына баулу.
        «9 айға тоғыз іс-шара» жоба жұмысы аясында 17 қарашада 12:00-де «Асық ату» челленджі ұлттық құндылықтарды насихаттап, ұлттық кодты жаңғырту мақсатында ұйымдастырылды. Челленджге мектеп оқушылары қатыстырылды. Жоспар бойынша «Бес асық», «Бес табан», «Асық ату» ұлттық ойындары ойнатылды. Іс-шараның ақпараттық мәліметі инстаграм әлеуметтік желісіне жарияланды.