#ТәрбиеБағыты » Райымбек батыр атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Райымбек батыр атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
февраль
2022

#ТәрбиеБағыты

#ТәрбиеБағыты Пікірсайыс- сөз бастайтын шешендер алаңы"Райымбек батыр атындағы орта мектеп" КММ-сінде 26-ақпанда “Ел ертеңі - білімді ұрпақ” атты ұстаздар мен оқушылар арасында пікірсайыс турнирі өтті. Оқушылардың ортаға тасталған мәселе бойынша көсіле сөйлеуін, жан жақты дамуын, әр мәселені саралай алуын мақсат еткен турнир өз деңгейінде өтті. Турнирде жалпы саны 13 фракция қатысты. Ойын АПФ (Америкалық Парламенттік Формат) форматында өтті. Пікірсайысшылар қазіргі таңдағы өзекті мәселелер бойынша сөз қозғады. Турнир нәтижесі бойынша, “Фемида” фракциясы Маманов Шынболат(тарих пәнінің мұғалімі) пен Жайыққызы Алуа (9 “Ә”) І орын, “Айқаракөз” фракциясы Жарылқасым Назерке (6 “Ә”) мен Есетбай Әсел (6”Ә”) ІІ орын, ал “Абай бол!” фракциясы Қасенов Жәкен (директордың т.і.ж.о.) мен Ертай Аякөз (11 “А”) және “Ай-Зере” фракциясы Құрманғали Аружан (бастауыш сынып мұғалімі) мен Бақтиярқызы Аружан (9 “А”) ІІІ орынға лайық деп танылды. Қалған барша пікірсайысқа қатысушыларға мектеп басшысының алғыс хаты жарияланды. Қол бастаудан да сөз бастау қиын екені ерте заманнан белгілі. Ежелгі билер институты жаңаша сипатта дамығанда іркілмей топқа шыққан ұстаздар мен оқушыларға ұйымдастырушылар да дән риза.