Іс-шаралар » Райымбек батыр атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Райымбек батыр атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Түлектер аллеясын» жасау
27
апрель
2022
«Түлектер аллеясын» жасау
16.04.2022 жылы Есік қаласында жалпықалалық сенбілік өтті. Басты бағыт – ағаш отырғызу. Аудан әкімдігінің қолдауымен «Райымбек батыр атындағы орта мектеп» КММ-сіне 10 үйеңкі, 10 күл ағашы, 10 терек, 10 түп терек берілді. Мектеп директоры С.Р. Турикбаеваның бастамасымен 9 және 11 сынып оқушылары мен сынып жеткешілері ағаш отырғызып, гүлдерге су құйды. Бұл бастама алдағы уақытта жалғасын тауып, оқушылар «Түлектер аллеясын» жасауды жоспарлап отыр.
#ТәрбиеБағыты
28
февраль
2022
#ТәрбиеБағыты
#ТәрбиеБағыты Пікірсайыс- сөз бастайтын шешендер алаңы"Райымбек батыр атындағы орта мектеп" КММ-сінде 26-ақпанда “Ел ертеңі - білімді ұрпақ” атты ұстаздар мен оқушылар арасында пікірсайыс турнирі өтті. Оқушылардың ортаға тасталған мәселе бойынша көсіле сөйлеуін, жан жақты дамуын, әр мәселені саралай алуын мақсат еткен турнир өз деңгейінде өтті. Турнирде жалпы саны 13 фракция қатысты. Ойын АПФ (Америкалық Парламенттік Формат) форматында өтті. Пікірсайысшылар қазіргі таңдағы өзекті мәселелер
#ТәрбиеБағыты
28
февраль
2022
#ТәрбиеБағыты
#ТәрбиеБағыты 24.02.2022ж. "ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" жобасы аясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары   Д.С. Суатаева 10-сынып оқушыларымен "Отбасындағы тәрбиенің рөлі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  «Тәрбие отбасынан басталады» демекші баласының кеудесіне құндылықты толтырып, саналы, білімді ұрпақ қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай,
#ТәрбиеБағыты
22
февраль
2022
#ТәрбиеБағыты
#ТәрбиеБағыты Ақпанның 18 жұлдызында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 1 “Ә” сынып оқушылары “Мақта қыз бен мысық” ертегісін сомдады.  Мақсаты: Оқушылардың оқу дағдысын, оқу сауаттылығын қалыптастырып, рухани құндылықтарды бойына сіңіріп, ойларын еркін жеткізе алуға үйрету.  Кейіпкерлер өз рөлдерін жоғары деңгейде сомдап, көрермендердің көңілінен шықты.
#ТәрбиеБағыты
16
февраль
2022
#ТәрбиеБағыты
#ТәрбиеБағыты 9 января 2022 года, классными руководителями 5"Д" и 5"Г" классов, Мамедовой С. А. и Нуркалык Н.Т. был проведен круглый стол между двумя параллельными классами на тему "Мой край Родной".  Цель: формирование у учащихся казахстанского патриотизма, миролюбия, национального согласия, расширение знаний и представлений детей о нашей Родине.
#ТәрбиеБағыты
09
февраль
2022
#ТәрбиеБағыты
#ТәрбиеБағыты "Райымбек батыр атындағы орта мектеп" КММ-сінде педагог-ұйымдастырушының бастамасымен 2 сынып оқушыларының арасында «Қыс қызығы» атты макеттер көрмесі өткізілді.  Көрменің мақсаты: оқушыларды ата-аналарымен бірлесе отырып, қыс қызығын бейнелейтін түрлі макеттер жасау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.  Көрме арқылы оқушылардың суретке деген қызығушылығы артып, ата-ана мен бала арасындағы байланыс нығая түсті. #ӨнерліБалақай
"Тапқыр болсаң - талап жоқ"
09
февраль
2022
"Тапқыр болсаң - талап жоқ"
"Райымбек батыр атындағы орта мектеп" КММ-сінде «Тарих – өткенге сабақ, келешекке – өнеге» тақырыбындағы "Тағылым" бірлестігінің онкүндігі аясында мұғалімдер мен оқушылар арасында "Тапқыр болсаң - талап жоқ" ойыны ұйымдастырылды. Оқушыларға сұрақтар ұсынылып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар берілді.