#ТәрбиеБағыты » Райымбек батыр атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Райымбек батыр атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
февраль
2022

#ТәрбиеБағыты

#ТәрбиеБағыты 24.02.2022ж. "ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" жобасы аясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары   Д.С. Суатаева 10-сынып оқушыларымен "Отбасындағы тәрбиенің рөлі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 
«Тәрбие отбасынан басталады» демекші баласының кеудесіне құндылықты толтырып, саналы, білімді ұрпақ қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ. 
Дөңгелек үстелде бала тәрбиесіне толғанып, тынбай еңбек етіп жүрген "Отбасы хрестоматиясы" ұжымының бала тәрбиесіне арналған бірнеше туындылары, сонымен қатар Алаш қайраткерлері аударған балалар әдебиеті "Құндылықтар қалтасы" таныстырылды. 
Қызығушылық танытқан оқушылар алдағы уақытта оқыған кітаптарын талқылап, өз ойларымен бөлісетін арнайы клуб ашсақ деген шешімге келді.

Похожие публикации:

09 февраль 2022 #ТәрбиеБағыты
09 февраль 2022 #ТәрбиеБағыты
08 февраль 2022 #ТәрбиеБағыты
08 февраль 2022 #ТәрбиеБағыты
08 февраль 2022 #ТәрбиеБағыты