#ТәрбиеБағыты » Райымбек батыр атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Райымбек батыр атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
февраль
2022

#ТәрбиеБағыты




#ТәрбиеБағыты
Отан - оттан да ыстық!
Еліміздің әрбір азаматы «Отан» деген ұғымның оттан да ыстық қасиетіне бас иіп, оған адал қызмет етуге борышты. Осы жолда қайтпас қайсарлық пен айнымас шыдамдылық таныта білетін, ары мен намысын жоғары қоятын ұрпақ тәрбиелеу абыройлы іс болмақ. Жас ұрпаққа ғасырлар бойы ата-бабаларымыз қорғаған Атамекенді көздің қарашығындай сақтау керек екенін ұғындыру мақсатында, ағымдағы жылдың 8 ақпанында мектебіміздің 5 “А” және 5 ”Ә” сыныптары арасында “Менің Отаным - менің бақытым” атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 5 сынып оқушылары “Отан” туралы дайындаған өлең шумақтарын оқып, білетін мақал-мәтелдерін айтты. “Отан - оттан да ыстық” тақырыбында постер қорғап, тақырыпты толықтай аша білді. Ұйымдастырушы сынып жетекшілер балалардың Отансүйгіштік, ұлтжандылық секілді асыл сезімдерін оята біліп, іс-шара мақсатына жетті!