#ТәрбиеБағыты » Райымбек батыр атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Райымбек батыр атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
февраль
2022

#ТәрбиеБағыты


"Райымбек батыр атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында оқушыларға ертегі мазмұнын қойылым арқылы түсіндіріп, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеп, сөйлеу мәнерін қалыптастыру мақсатында 1 сыныптар арасында "Ертегілер әлемі - балалар әлемі" атты сахналық қойылым өткізді. Іс шара барысында оқушылар  "Алдар көсе", "Шалқан", Жеті лақ", "Үш аю", "Қасқырмен тышқан", "Кішкентай ақылды балапан", "Екі дос пен аю" сияқты ертегі кейіпкерлерін сомдады.
 "Бала тілі - бал" демекші сөйлеу мәнері мен актёрлік шеберліктері көрерменнің жүрегін тебірентпей қоймады. Осындай тәрбиелік мәні мол ертегілерді дайындап, сахна төріне алып шыққан бастауыш сынып мұғалімдерінің ерен еңбегін бағалап, мектеп әкімшілігі алғыс білдірді.