Пікірсайыс қозғалысы » Райымбек батыр атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Райымбек батыр атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
ноябрь
2023

Пікірсайыс қозғалысы


«Тіл – ең асыл құндылық» атты аудандық пікірсайыс турнирі өтті

Ағымдағы оқу жылының 14 қарашасында елін, тілін құрметтейтін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу, аудандағы пікірсайыс қозғалысын дамыту мақсатында Мирас» қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында «Тіл – ең асыл құндылық» атты аудандық пікірсайыс турнирі өткізілді. Турнирді «Райымбек батыр» ИПК жас пікірсайысшылары мен жетекшісі Н.Тынышбай, педұйымдастырушы Д.Тоқтасынова ұйымдастырды. Турнирге 16 мектептен 32 спикер қатысып, ортаға тасталған резолюциялар бойынша ойларын білдірді. Турнир нәтижесінде, «Шам мен шырақ» фракциясы ретінде ойын өрнегін көрсеткен Н.Жарылқасым мен Ж. Сағындық ІІ орынды иеленіп, турнир жеңімпаздары атанды.