«Райымбек батыр атындағы орта мектеп» КММ-де 2021-2022 оқу жылының І жарты жылдығында жүргізілген әдістемелік бағыттағы іс-шаралардың есебі » Райымбек батыр атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Райымбек батыр атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Райымбек батыр атындағы орта мектеп» КММ-де 2021-2022 оқу жылының І жарты жылдығында жүргізілген әдістемелік бағыттағы іс-шаралардың есебі
09
февраль
2022

«Райымбек батыр атындағы орта мектеп» КММ-де 2021-2022 оқу жылының І жарты жылдығында жүргізілген әдістемелік бағыттағы іс-шаралардың есебі

«Райымбек батыр атындағы орта мектеп» КММ-де 

2021-2022 оқу жылының І жарты жылдығында жүргізілген 

 әдістемелік бағыттағы іс-шаралардың есебі


2021-2022 оқу жылындағы   басты әдістемелік тақырып:      «Педагогтардың кәсіби дамуына бағытталған  үздіксіз үдерістің  нәтижесінде, білім сапасын арттыру мақсатында   іс-әрекеттерді ұйымдастыру»

Мақсаты:

  • білім сапасын арттырудың қазіргі педагогикалық технологияларын білім тәрбие беру үрдісіне енгізіп, жетілдіру;   мұғалімдердің  ғылыми - әдістемелік деңгейін, кәсіби біліктілігін, шеберлігін дамыту;
  • жеке тұлғаны зертханалық, ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу;

        - үлгермеушіліктің алдын алу және білім беру қызметінің сапасын арттыру 

Міндеттері:

  • оқушылардың зерттеу-ізденушілік бағытындағы жұмыстарын дамыту; 
  • пәндік олимпиадаға, ғылыми жобаға дайындықтың тиімді тәсілдерін қарастыру; 
  • мұғалімдердің шығармашылық кезеңдер жоспары бойынша жұмыстарының жүйелі жүргізілуін, өз тәжірибесін өзіндік  жұмыстары (авторлық бағдарлама, жинақтар, әдістемелер) арқылы жинақтап, қорытындылауын қолға алу;
  • әр  әдістемелік бірлестікте инновациялық жобалар мен жұмысты   енгізуді қолға алу;
  • жаңа технологияларды  тиімді қолдана отырып, білім сапасын арттыру.

Әдістемелік жұмыс бағыттары: 

  1. Мұғалімдердің кәсіби  біліктілігін арттыру, курстық даярлауды  жоспарлау, өз бетінше білім алуын жетілдіру
  2. Педагогикалық кадрлардың аттесттауды ұйымдастыру және олардың  қызметіне баға беру
  3. Мұғалімдерге әдістемелік және практикалық көмек беруге бағытталған зерттеу  жұмыстарын ұйымдастыру, өткізу. Педагогикалық іс-әрекетті диагностикалау.
  4. Жас мамандардың білімін және біліктілігін дамыту
  5. Шығармашылықпен жұмыс жүргізетін мұғалімдердің    жұмыстарын, озат  іс-тәжірибелерін жинақтау, насихаттау және тарату жұмыстары




Мұғалімдердің кәсіби  біліктілігін арттыру, курстық даярлауды  жоспарлау, өз бетінше білім алуын жетілдіру

Оқу жылының басында педагог кадрлардың  курстан өткізу кешенді жоспары құрылып, бекітілді. Облыстық және АББ тарапынан ұйымдастырылатын білім жетілдіру курстары туралы мұғалімдерге дер кезінде хабарланып, қажеттілігіне қарай ұстаздарымыз курстардан өтті.

2022 жылдың наурыз айында педагогтардың өз білімін жетілдіру жоспарларының жүзеге асырылуын зерделеу көзделген. Аталған жұмыс бойынша құжаттарыңызды дайындауды сұраймын.

Педагогикалық кадрлардың аттесттауды ұйымдастыру және олардың  қызметіне баға беру

Оқу жылы қарсаңында аттестация комиссиясының  құрамы сайланып, педагог кадрларды  аттестаттаудың  кешенді жоспары  құрылып, бекітілді. Педагог  кадрлар   аттестаттау  ережесімен және  жаңадан қабылданған нормативтік құжаттармен таныстырылып отырды. Қазан айында аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің  өтінішін қабылдау, жекелеген ұстаздарға біліктілік  тестіне қатысу бойынша нұсқау берілді.

Жалпы 2021-2022 оқу жылында аттестаттауға өтініш білдірген мұғалімдер саны: 15. Оның 12-сі педагог-модератор біліктілік санатына,                   2 мұғалім педагог-сарапшы біліктілік санатына, 1 мұғалім педагог-зерттеуші біліктілік санатына өтініш білдірді. Педагог-сарапшы және педагог-зерттеуші біліктілік санатына өтініш білдірген мұғалімдердің құжаттары облыстық, аудандық білім бөлімдеріне ұсынылса, педагог-модератор біліктілік санатына өтініш білдірген 12 мұғалімнің құжаттары алдымен мектепішілік сараптау тобында қаралып, одан кейін аттестаттау комиссиясында талқыланды. Нәтижесінде,  Абдрахманова Г.А. өтініш білдірген педагог-зерттеуші біліктілік санатына (Алматы облысы білім басқармасының 20.12.2021ж. №919-н бұйрығы), Мұратбекова Б.Ж. педагог-сарапшы біліктілік санатына (Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің 25.12.2021ж. №176-ө бұйрығы) лайық деп танылды. Сонымен қатар педагог-модератор біліктілік санатына төмендегі өтініш білдірген мұғалімдер лайық деп танылды (30.12.2021ж., №  282/б ):

1. Куттыксеитова Дарига Ертаевна

2. Сарсыбаева Алмагуль Кенесовна

3. Кадирова Салима Амангельдиевна

4. Нургалиева Нурсулу Азаматкызы

5. Бекибаева Айгуль Серикбаевна

6. Бердалиева Даметкен Рахметбаевна

7. Хабиев Жамбыл Кендебайұлы

8. Көккозова Молдир Кеулимкосовна

9. Дәулетхан Сұлтан Жалғасбекұлы

10. Сибанбаева Мөлдір Бейімбетқызы

11. Майликутова Алтынай Жұмаходжаевна


Мұғалімдерге әдістемелік және практикалық көмек беруге бағытталған зерттеу  жұмыстарын ұйымдастыру, өткізу. Педагогикалық іс-әрекетті диагностикалау

Мұғалімдерге әдістемелік және практикалық көмек беруге бағытталған зерттеу  жұмыстарын ұйымдастыру, өткізу, педагогикалық іс-әрекетті диагностикалау - бұл бүгінгі таңда ақсап тұрған, терең ізденіс пен қыруар еңбекті қажет ететін жұмыс бағыты. Бұл жұмысты жандандыру қажеттілігі туралы мектеп басшысы желтоқсан айында тренер Амарова Дамира Вазировнаның қатысуымен өткен оқыту семинарында айтқан болатын. Сонымен қатар, қараша айында  тренер Толешова Гүлмира Болаиқызының  қатысуымен өткен семинарда да басты назарға алынған болатын. Десек те, мұғалімдеріміз әлі де ұйқыда, тек орыс тілі мұғалімдері Г.Жамбаева, Т.Нурсултанова, Б. Жұмабекова, Н.Филиппова бірлесіп зерттеу тобын құрып, жұмыстарын бастап кетті. Жұмыс жоспарының жобасын  қолдап, өз тарапымнан ұсыныстарымды бердім. Жақын уақытта аталған зерттеу тобының нәтижелі еңбегін көреміз деген сенімдемін. 

Аталған бағыт аясында «Мирас» қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің, «Филолог» орыс тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің, «Kingdom» ағылшын тілі пән бірлесітігінің, «Балдырған» бастауыш қазақ сыныптарының, «Радуга» бастауыш орыс сыныптарының онкүндіктері өткендігі бәріңізге белгілі. Онкүндіктердің өту барысы туралы бұған дейін директор жанындағы кеңестерде талқыланған болатын. 

20-30 қаңтар аралығында өткен «Сиқырлы сандар» математика, физика, информатика пән бірлестігінің онкүндігінің есебімен бүгін танысатын боласыздар.

Жас мамандардың білімін және біліктілігін дамыту

Жас мамандармен жұмыс Тәлімгерлер мектебі жобасы аясында жүзеге асырылып келе жатыр. Тәлімгерлеріміз де қазан айында өткен №3  директор жанындағы кеңесте өздерінің іс-тәжірибелерімен бөліскен болатын. Тәлімгерлеріміз өз жұмыстарын ары қарай жалғастыруда, жас мамандардың білімі мен біліктілігін жетілдіруге бағытталған жұмыстарының нәтижесін алдағы уақытта да көретінімізге сенімдімін. 

Шығармашлықпен жұмыс жүргізетін мұғалімдердің   жұмыстарын, озат  іс-тәжірибелерін жинақтау, насихаттау және тарату жұмыстары

Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек.

Педагогикалық ұжым арасында озық тәжірибені жинақтау және таратуға бағытталған  іс-шаралар жоспары құрылып, жүзеге асырылуда. Атап айтар болсақ, білікті ұстаздарымыз Хавий Сәрсентай «Критериалды бағалау  оқушы білімін бағалау» тақырыбында, Васильева Инна Станиславовна «» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөліссе, Филиппова Наталья Леонидовна «Этап урока – рефлексия. Виды, приемы, примеры» тақырыбында тренинг өткізген болатын. Жақын күндері тағы бір білікті ұстазымыз Мұсаева Қарлығаш Тәлімқызы мен Чавенова Бибігүл Аблакимқызының  «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында түрлі әдіс- тәсілдерді пайдалану арқылы оқушылардың  сөйлеу тілін дамыту» және «Қазақ тілі сабақтарында даралап – саралап  оқыту арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру» тақырыбында іс-тәжірибелерімен бөлісу жоспарлануда. Сонымен қатар, білікті маман Есенбаева Ақмарал Жакашқызының «БФЕ (барлық факторларды ескеру) әдісі арқылы оқушылардың ойын қорытып, шешім қабылдау дағдысын қалыптастыру» бойынша зерттеу сабағын қалай өткізу керектігі туралы озық тәжірибесімен бөліседі, қалмай қатысуға тырысыңыздар.  Оқу жылының соңына дейін айына 2 рет озық тәжірибені таратуға бағытталған іс-шаралар жалғасын табады.

Жалпы мұғалімдердің біліктілігі олардың еңбегінің нәтижесінен көрінетіні белгілі. 2021-2022 оқу жылының І жартысында аудандық пән олимпиадасына  5-6 сыныптардан 95 оқушы қатысып, оның төртеуі (Турицына Кира, Янышевская Полина, Дрововозова Жасмина, Горбась Луиза) орыс тілі және ағылшын тілі  пәндерінен жақсы нәтиже көрсетіп, аудандық кезеңге жолдама алды. Аудандық кезең нәтижесі бойынша Турицына Кира 1-орынды иеленіп, облыстық деңгейдегі олимпиадаға өтіп, облыстық олимпиада нәтижесі бойынша 3-орын иегері атанды. Жетекшісі – Прокофьева Юлия  Анатольевна.   «Зерде» байқауына 5 оқушы (Горбась Луиза – Асриева Карина, Пукасев Станислав, Степанищева Ксения – Гацапук Юлия, Янышевская Плина, Янышевская Ангелина – Васильева Инна)  қатысып, оның біреуі (Степанищева Ксения – Гацапук Юлия)  аудандық кезеңнен 2-орынды иеленді. 

Ақпан айында аудандық өребәйгеге 9-11 сыныптардан 31 оқушы қатысады деп күтлуде. Оқушыларымыз жақсы нәтиже көрсетеді деген үмітпен сәттілік тілейміз. 

2021 жылдың 30 қараша күні PISA  халықаралық зерттеуінің апробациялық кезеңі болып өтті. Зерттеуге 15 жастағы 7-11 сыныптарда оқитын 53 оқушының тізімі іріктеліп, бізге ұсынылды. Олардың 25-і қазақ сыныбының оқушылары болса, 28-і орыс тілінде білім алатын оқушылар. 53 оқушының 45-і негізгі тізімдегі оқушылар болса, қалған 8-і алмастырушылар тізіміне енді. Яғни зерттеу өтер күн қарсаңында сырқаттанып қалған 3 оқушыны осы тізімдегі оқушылар алмастырды. 

PISA  халықаралық зерттеуінің апробациялық кезеңіне дайындық жұмысы жоспарлаудан басталды. Жоспар негізінде мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында аудандағы белді тренер Қ.Орынбетов атындағы мектептің ұстазы Борбасова Айжан Асылханқызының қатысуымен семинар болып өтті. Семинар барысында мұғалімдерге PISA тапсырмаларының ерекшеліктері оларды орындаудағы басты қағидалар туралы айтылды. 

PISA халықаралық зерттеуіне қатысушы оқушыларға нұсқау беріліп, зерттеудің негізі мақсаты туралы және өткізу барысы туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушылардың ата – аналарына арнайы жиналыс ұйымдастырылып, зерттеудің негізгі бағыты, маңыздылығы туралы баяндалып, ата-ананың баласын зерттеуге дайындау барысында қандай мәселелерді ескеру керектігі, балаға қалай қолдау көрсетуге болатындығы туралы нұсқаулық жүргізілді.

Пән мұғалімдері «PISA» халықаралық зерттеуі тапсырмаларын орындау бойынша аудандық оқыту семинарларына қатысып, үнемі  тәжірибе алмасуда.  

Оқушылардың дайындығын күшейту мақсатында қосымша сабақтар кестесі құрылып, күнделікті дайындық барысы  назарға алынды.  

«PISA» халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың оқу   сауаттылығы, математикалық және ғылыми-жаратылыстану сауаттылықтар саласындағы дамыту жұмыстарына байланысты пән мұғалімдері жоспарларының жүзеге асырылуын бақылау жүргізілген болатын. Нәтижесінде, мұғалімдердің аталған халықаралық зерттеуге тиісті деңгейде дайындық жүргізбегендігі байқалды. Кемшіліктерді жою бойынша жұмыс жүргізілді. Алдағы уақытта мұғалімдер талапқа сай нәтижелі жұмыс жүргізеді деген сенімдемін.




Директордың

оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары                        Г.Рахаева