Әлімжан Мұқанұлын еске алуға арналған кеш » Райымбек батыр атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Райымбек батыр атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әлімжан Мұқанұлын еске алуға арналған кеш
27
апрель
2022

Әлімжан Мұқанұлын еске алуға арналған кеш

Ұлы ұстаз, тұңғыш басшы, ұлы адам,
Күндер, айлар, өтсе дағы арадан
Шәкірттерің, ұмытпайды ұрпағың,
Мәңгі атыңыз өшпек емес санадан!

Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде ұстаздық жолында 40 жылға жуық тынбай қызмет істеп, мектебіміздің Райымбек батыр есімімен аталуына бастама жасаған, 23 жыл бойы үздіксіз басқарған білікті басшы, ұлағатты ұстаз Түбекбаев Әлімжан Мұқанұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті музей-кабинеті ашылды. Ашылу салтанатында мектеп директоры Турикбаева Салтанат Рысбекқызы алғы сөз сөйлеп, іс-шараның мақсатымен таныстырып өтсе, Еңбекшіқазақ газетінің бас редакторы Ахметжанов Хайролла Қасымұлы мен Әлімжан Мұқанұлының інісі қызыл лентаны кесті.  Мектеп есімін арқалаған Райымбек батырды ерекше пір тұтып, ұлықтаған Әлімжан Мұқанұлын еске алуға арналған кеште ағайдың көзін көрген жақсылар мен жайсаңдар, туған-туыстары, әріптестері мен шәкірттері жиналды. Сондай-ақ, естеліктерге толы "Райымбек батырды ұлықтаған ұстаз" кітабының тұсауы кесілді. Мектеп ұстаздары мен оқушыларының қатысуымен «Жүрген жолы - ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» атты Әлімжан Мұқанұлын еске алу кеші ұйымдастырылды.

Похожие публикации:

08 февраль 2022 Директор блогы
08 февраль 2022 #ТәрбиеБағыты
08 февраль 2022 #ТәрбиеБағыты