"Қазақтың қаһарман ұлы" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. » Райымбек батыр атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Райымбек батыр атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Қазақтың қаһарман ұлы" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
27
март
2024

"Қазақтың қаһарман ұлы" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

   Ағымдағы жылдың 28 сәуірі күні Райымбек батыр атындағы орта мектепте өткен ашық есік күнінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 13 жыл  педагогикалық стажы бар, педагог-сарапшы Топышева Динара Толқынқызы 3 "Г" сыныбында "Қазақтың қаһарман ұлы" тақырыбында заманауи технологиялар мен ұлттық құндылыққа тұнған ашық сабақ өтті. Сабақтың ұйымдастыру кезеңі ұтымды өтіп,  "Арқан тарту " атты ұлттық ойынға негізделген үй тапсырмасын тексеру әдісі өте тиімді болды.  Жаңа сабақтың тақырыбын болжауда "Құрақ көрпе" тәсілі әрі қызықты әрі танымды болды. Сабақ мақсатына негізделіп құрылған тапсырмалар "Educaplay", "wordwall" платформаларында беріліп, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын барынша аша түсті. Сабаққа қатысқан әр қонақ сабақтың  ұлттық құндылықтарға тұнған, оқу мақсатына жеткен, аса шеберлікпен ұйымдастырылған, жоғары деңгейді өтті деген оң бағаларын берді.