Әдістемелік жұмыстар » Райымбек батыр атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Райымбек батыр атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
февраль
2024

Әдістемелік жұмыстар

Райымбек батыр атындағы орта мектепте 3 қазан күні «Сабақта әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білу» тақырыбында бастауыш сынып ұстаздары Ерджанова Тазагүл мен Мұқажанова Мөлдір коучинг өтті.
Коучингтің мақсаты: Сабақта әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша нұсқаулықтар беру, жас мамандарға бағыт-бағдар көрсету.
Коучинг кіру билеті арқылы сұрақтарға жауап алудан басталды. Топтық жұмыс барысында мәнмәтінмен жұмыс жасау арқылы ашық, жабық тапсырмалар құрастырылды. Нейрожаттығу арқылы сергіту сәті өткізілді. Оқушылардың сауатты жазу, есте сақтау қабілеттерін дамытуға бағытталған «Жүгіртпе адам» әдісі қолданылып, «Ойна да оқы» әдісі арқылы қазақ тілі мен математика пәніне арналған тиімді ойын әдісі көрсетілді. Шығу билеті арқылы кері байланыс та алынды. Коучингке келген ұстаздар тиімді әдіс-тәсілдермен танысып, қоржындарын толтырып қайтты.