Ашық есік күні » Райымбек батыр атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Райымбек батыр атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
март
2024

Ашық есік күні

28.02.24 жылдың Райымбек батыр атындағы орта мектебінің «Құндылық пен білімнің мекені:тың тұжырымдама, тынымсыз ізденіс,заманауи көзқарас» ашық есік күнінде  Сабақты ұйымдастыруда заманауи инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі тақырыбында 3 «Ж» сыныбының бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Ерджанова Тазагул Сагидуллаевна қазақ тілі пәнінен ашық сабақ көрсетіп,өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік. Сабақ мақсаты:Болымды және болымсыз етістіктің айырмашылығын анықтау.Сабақ барысында оқытудың түрлі формалары (ұжымдық,топтық,жұптық,жеке) жүзеге асты.Сабақта  «Спиннер» әдісі, «Фотоны жандандыру» жасанды интеллект,«Қабырғадағы суреттер сөйлейді» әдісі, «Ойлан- жұптас - бөліс» әдісі, Power Point «Өзіңді тексер» әдісі, «Кім тапқыр» логикалық тапсырмалар орындалды. Сабақта ұлттық құндылықты дәріптеу мақсаты «Әділдік» мүддесі де жүзеге асты.Оқушылар сабақта тапсырмаларды белсенді  және қызығушылықпен орындады.Сабақ мақсатына жетті.