Құндылық пен білімнің мекені – мектеп: тың бастама, тынымсыз ізденіс, заманауи көзқарас » Райымбек батыр атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Райымбек батыр атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Құндылық пен білімнің мекені – мектеп: тың бастама, тынымсыз ізденіс, заманауи көзқарас
28
март
2024

Құндылық пен білімнің мекені – мектеп: тың бастама, тынымсыз ізденіс, заманауи көзқарас

Құндылық пен білімнің мекені – мектеп: тың бастама, тынымсыз ізденіс, заманауи көзқарас тақырыбында   Есік қаласы Райымбек батыр атындағы орта мектеп" КММ-де 28.02.24 ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күнінде  3"Е" сыныбында бастауыш сынып мұғалімі Жаулыбаева Дина Карамановна математика пәнінен  зерттеу сабағын өткізді.  

Сабақтың тақырыбы: "Разрядтан бір рет аттап өту арқылы жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі"

Оқу мақсаты:  екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану 

Зерттеу сұрағы: "Тірек сөздер" әдісін тиімді қолдану арқылы оқушылардың сауатты жазу дағдыларын дамыта аламын ба? 

Құндылықтарды дарыту: Оқушы бойына ұлттық құндылықтарды дарыту, патриоттық сезімдерін ояту. Сабақта қолданылған әдіс- тәсілдер:"Көңілді ноталар", «Суреттер сөйлейді», «Ұлттық аспаптар». Сергіту сәтінде күй ойнатылып, оқушыларға текемет басып, жүн сабаған қимылдарды орындата отырып, ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіру болды.  

Қолданылған платформалар: Wordwall, EDUCAPLAY». Жұмыс түрлері: Ұжымдық, жеке, топтық, жұптық жұмыстар. Білім алушылар сабаққа белсене қатысты. Сондай-ақ, сабақ соңында оқушылардан сұхбат алынып,кері байланыс берілді.Сабақ өз мақсатына жетті. Назардағы оқушылар тапсырманы дұрыс орындап, белсене қатысты. Ашық есік күнінде сабаққа қатысқан әріптестер сабаққа кері байланыстарын беріп, өз пікірлерімен бөлісті.Сабақ жоғары деңгейде өтті деп  бағаланды.