Райымбек батыр туралы деректер » Райымбек батыр атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Райымбек батыр атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Райымбек батыр туралы деректер
28
февраль
2022

Райымбек батыр туралы деректер

Жастайынан жауға тиіп, күркіреген үнімен дұшпанын күңіренткен  Райымбек    Түкеұлы 1705 жылы қазіргі Алматы облысы Нарынқол аумағында дүниеге келген. Ұлы жүзАлбан ішіндегі Алжан руының Сырымбет тармағынан. 

11 жасында ата-анасынан айырылып, сол дәуірдің көрнекті саяси қайраткері – атасы Хангелдінің қолында өскен. Райымбек бала кезінен отансүйгіш болып, туған жерін жоңғар құлдығынан босатуды армандаған. 15 жастан асқанша садақ тарту, қылыш шабу, күресу секілді сарбазға лайық даярлықтан өткен Райымбек жоңғарларға қарсы жорықтарға қатыса бастайды. Жолбарыс жүректі жас жігіттің  хас батырға лайық қасиеттерін қаруластары бірден байқаған.  Осы өр рух кейіннен жоңғарға қарсы алдаспан боп сермелді.  

Небәрі 17 жасында Көкойнағын ойнатып, қалмаққа қырғын салған Райымбек Түкеұлы  халық арасында мықты батыр ретінде танымал болып, жоңғар әскеріне қарсы шайқастарда қарулы жасақты басқарды. Оның негізгі ұстанымы: аз шығынмен жеңіске жету болған екен. Бұл  мақсаты  алғаш  Іле бойындағы шайқаста жүзеге асады. Қалмақ  қолындағы тұтқындар босатылады. Керісінше, жаудың көп сарбазы тұтқынға түседі. Райымбек жоңғардан Сөгеті мен Ойрантөбені және Жалағашты босатады. Аңырақай шайқасында НаурызбайӨтегенҚабанбайБөгенбай сынды қазақ ерлерімен үзеңгі түйістіре отырып, Сары Мыңжаның әскерін талқандаған.   Итембес өзенінің бойында Шона Доба жасағы да жер жастанды. Батырдың бұдан кейінгі жорығы Жіңішкені, Таушілікті, Қарабұлақты, үш Меркіні, Кеңсуді, Қарқараны азат етуге арналды.  Қанды қырғындарда 77 рет жараланғанына қарамастан, ұзақ жылдар бойы аттан түспеді. Өзін тек жауынгер ғана емес, сонымен бірге, қытайлықтарды Текес пен Қарқара өзендерінің бойында шекаралар орнатуға көндірген шебер дипломат ретінде көрсете білді. Ол Қазақ хандығының құлаған туын биікке көтеріп, көзі тірісінде «әулие» атанды. Алматы алқабында Шілік, Жалаңаш өңірінде тоған қаздырып, су шығартып, егін ектірді.

Сексен жыл өмір сүріп, әулиелікпен алдын болжап, келешегін бағамдап, 1785 жылы дүние салар алдында:

«Елім - Албан,

Жерім - Жетісу.

Жайлауым - Асы,

Қыстауым - Алматының басы», – деп сүйегін Алматы қыстағының аумағына қойыңдар деп өзі өсиет еткен орынға жерленді.

Бұл күнгі тәуелсіз елдің ұрпағы батыр, әулие баба өсиетін қалтқысыз орындап,  сүйегі жатқан орынға ақ мәрмәрдан зәулім күмбез орнатты.








Похожие публикации:

28 февраль 2022 #ТәрбиеБағыты
08 февраль 2022 #ТәрбиеБағыты