Ел іші-өнер кеніші» халықаралық көрме » Райымбек батыр атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Райымбек батыр атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ел іші-өнер кеніші» халықаралық көрме
27
март
2024

Ел іші-өнер кеніші» халықаралық көрме

«Ел іші-өнер кеніші» демекші, Жетісу жерінде ондаған елдің өнерпаздарының басын қосқан айтулы өнер додасы өтті. Алғаш ұйымдастырылған халықаралық көрме «Жетісу өлкетанушылар орталығы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Талдықорған төрінде көпке ұсынылып, білікті қазылардың таразысына салынды.
Өнер додасына Ресей, Түркия, ТМД елдері және республикалық оқу орындардың көркем еңбек пән мұғалімдері қатысты.
Шеберлер туындыларын қатар қойып, жетісулықтарға таныстырды. Біздің мектептен аталған көрмеге көркем еңбек пәнінің мұғалімі Көккозова Мөлдір Кеулимкосовна қатысып, өз туындыларын қалың көпшіліктің назарына ұсынды.
Таңдай қақтырарлық әсем қолөнер бұйымдарымен Мөлдір Кеулимкосовна шебер сынып көрсетіп, I дәрежелі дипломмен марапатталды.