“Оқу ынтасы әр түрлі оқушылардың оқу мотивациясын арттыру жолдары” » Райымбек батыр атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Райымбек батыр атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Оқу ынтасы әр түрлі оқушылардың оқу мотивациясын арттыру жолдары”
06
март
2024

“Оқу ынтасы әр түрлі оқушылардың оқу мотивациясын арттыру жолдары”

“Райымбек батыр атындағы орта мектеп” КММ-де 2 қараша күні “Оқу ынтасы әр түрлі оқушылардың оқу мотивациясын арттыру жолдары” тақырыбында кезекті педагогикалық кеңес болып өтті. 2023-2024 оқу жылының 1-тоқсанындағы оқушылар үлгерімі мен білім сапасы, пәндік есеп көрсеткіштері күн тәртібінде қаралды. Педагогикалық ұжым мүшелерінің білім алушылардың оқуға деген ынтасын жоғарлатуға қатысты пікірлері мен ұсыныстары тыңдалып, талқыланды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Рахаева мен директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Д.Суатаева педагогтерге аталмыш мәселе төңірегінде педагогикалық-психологиялық нұсқау беріп, балалардың оқуға деген мотивациясын жоғарлатуда негіз бола алатын басты 5 қадаммен бөлісті.